21 Наурыз 2019
978

Оралда Әз-Наурыздың басты атрибуты ретінде 7 саны таңдалды  

 

Алаңда 7 киіз үй тігілген және олардың әрқайсысының өзіндік атауы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Мысалы, 7 ата, 7 жарғы, 7 қазына, 7 ғашық, 7 қасиет, 7 жетістік және Ұлы даланың 7 қыры деп аталады. Алаңды жағалай қолөнер шеберлерінің көрмесі жайылды. Достық үйінің жанына ағаш егілді. Жұрттың назары ауған сахна төрінде қазақтың түрлі салт-дәстүрлерінен көріністер берілді.

 

Арман Биғалиев, қала тұрғыны:

 

- Өте керемет тойлап жатырмыз, халық көңілді, күніміз өте шуақты. Наурыз мерекесін қазақ ұлты емес, әртүрлі ұлттардың өкілдері тойлап жатыр. Қазақстанның ең бірінші байлығы – бейбітшілігі, екіншіден, халқымыздың бірлігі.

 

Алтай Көлгінов, облыс әкімі:

 

- Наурыз мерекесі – ата-бабамыздан келе жатқан жаңа жылымыз. Бұл жаңа жыл бірліктің нышаны, көпұлтты мемлекетіміз, салт-дәстүрімізді сыйлағанның үлкен көрінісі. Бұл – тәуелсіздігіміздің нышаны. БҰҰ-да осы 21 наурыз күні Наурыз мейрамын атап өтілетіні бекітілген. Сондықтан бүгін де біздің Ақжайық өңірінде барлық, аудандар мен облыс орталығы Орал қаласында Наурыз мерекесі атап өтілуде.