23 Наурыз 2019
836

Оралда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

 

Бүгін, 23 наурыз күні облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласы Ықсанов көшесіндегі дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне барды. Облыс басшысы ұсынылған өнімдердің сапасымен және бағасымен танысты.

 

 

Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының, Орал қаласы, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысты. 

 

Жәрмеңкеде барлығы 7 бас жылқы еті, 13 бас сиыр еті, 35000 дана жұмыртқа, 5,7 тонна картоп, 0,5 тонна қырыққабат, 1 тонна сәбіз, 1 тонна пияз, 3 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,5 млн. тенгеге сатылды. Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды. Сондай-ақ, тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

 

Жәрмеңкеде болған өңір басшысы мұндай жәрмеңкелердің қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталып, дәстүрлі жалғасатынын жеткізді.

 

Айта кету керек, өткен жылы өңірде 647 мәрте жәрмеңке өткізіліп, 1 трлн. астам теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

 

 

ФОТО: Александр Куприенко