20 Наурыз 2019
242

Елбасының қолдауымен 12 мың қазақстандық шетелде білім алды

 

 

Кешегі күн – өте тарихи күн. Әрқайсымыздың жүрегімізде қимастық сезімі бар. Өйткені, Елбасы билік құрған 30 жыл ішінде еліміз көркейіп, саясат пен экономика тұрақтады. Ел ішінде бейбітшілік орнады. Көп ұлтты қазақстан халқын бірлікте ұстай білді. Қазақстанды бүкіл әлем мойындады. Ел жастарына шетелде білім алуға мүмкіндік жасады. Оның өзі біз үшін - үлкен жетістік.

 

1993 жылы 5 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама жастардың тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген еді. 1994 жылы бір топ қазақстандық студент тұңғыш рет халықаралық стипендия иегері атанып, шетелдегі жоғары оқу орындарына жіберілді. Өткен 25 жыл ішінде 12 мыңнан астам қазақстандық жас шетелде білім алды.        

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Президент лауазымынан кеткенімен, саясатта әлі де тың иделарымен елімізді алға жетелейді деп ойлаймын. Әлем мойындаған көшбасшының жыл сайын халқына арнаған жолдауы мен бағдарламалары елді тек алға жетеледі. Оған құрметіміз шексіз.

 

Салтанат Тұманбаева,

облыстық мәслихат депутаты,

БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының төрайымы