28 Наурыз 2019
883

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жұмысы талқыланды

 

Бүгін облыс орталығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының жұмысы талқыланды. Жиында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары мен тұрмыстық жемқорлықтың деңгейін төмендету мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, облыс орталығындағыдай алаңды аудандарда ашудың дайындық жұмыстары да талқыланды.   

 

 

- Біздің әрбір басқосуымыз нақты нәтижелерге жетуі тиіс.  Себебі ашықтық, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы - басты мақсатымыз. Сондықтан мемлекеттік қызмет саласында қоғамдық бақылау орнатып, әрбір тұрғынның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз қажет. Сондай-ақ, тәуекелдігі жоғары салалардың бірінші басшылары дербес жауапкершілігін сезінуі тиіс, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Айта кету керек, бүгінде жоба аясында өңірде 56 адалдық дүкендері халыққа қызмет етуде.