28 Наурыз 2019
188

Елорда дамуының жаңа кезеңін қолдады

 

Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» облыстық коалициясы Елорданың «Нұр-Сұлтан» атануын бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қйымдастыруымен өткен отырыстың тізгінін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен  ұстап, Тұңғыш Президенттің еселі еңбегін айтты. Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Әбішұлының елімізді Кеңес одағының артта қалған республикаларының бірінен  заманауи, дамыған, әлем танитын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналдырғанын жеткізді.

 

-«Ардагерлер ұйымы» облыстық филиалының мүшелері Нұрсұлтан Әбішұлының өз өкілеттілігін тоқтату туралы шешімін толқыған сезімде қабылдады. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Президенттің есімін мәңгілік есте қалдыру жөніндегі ұсыныстарын зор ықыласпен тыңдады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған, қазақтың мемлекеттілігін қайта жандандырған ұлы тұлға. Еліміздің өркендеуінде, экономикамыздың дамуында қосқан үлесі зор,- деді «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Мырзағали Мұхамбетов.

 

Жиынға жиналған саяси партиялардың өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері бір ауыздан Елорданың жаңа атауын қолдайтындықтарын айтты.