28 Наурыз 2019
375

Оралда «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі өтеді

 

29 наурыз күні сағат 10.00-13.00 аралығында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектерге және жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

 

Жәрмеңкені Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мен Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастыруда.

 

Шара жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жастарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңінен ақпарттандыруды мақсат еткен.

 

Сонымен қатар, шара барысында «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «ZhasProject» бағдарламалары, кәсіп ашу, тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері, электрондық еңбек биржасы тақырыптары бойынша және «Soft Skills» семинар-тренингтері ұйымдастырылып, тегін кеңес беру бұрышы жұмыс жасайтын болады.

 

Бос орындар жәрмеңкесінде облысымыздың ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, Орал қаласы мен аудандық мемлекеттік мекемелері 400-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынады.