30 Наурыз 2019
675

"Ашық әкімдікте" облыс тұрғындары «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы бойынша кеңес алды

 

Бүгін өңір аудандары мен Орал қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталықтарында кезекті «Ашық әкімдік» өтті. Бұл шараға 800-ге жуық батысқазақстандықтар қатысты.

 

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен байланыстың жаңа форматына көшіп, ашықтық пен туындаған мәселелерге дер кезінде назар аудару бойынша азаматтармен конструктивті диалогты құруды тапсырды. Бұл барлық оқиғаларды біліп тұруды, халықтың билік институттарына сенімді нығайтуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықпен күнделікті кездесулерде мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүзеге асып жатқан мемлекеттік саясат пен реформаларды мәнін жеткізу қажеттігін атап өтті.

 

Дәстүрлі «Ашық әкімдікке» облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік мекеме мен ұйымдар басшылары қатысты. Облыс тұрғындары жұмыспен қамту, тұрғын үй, кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру, аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша әлеуметтік төлемдер және т.б. мәселелермен келді. 400-ден астам батысқазақстандық «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында жаңа әлеуметтік көмек бойынша кеңес алды.

 

- Біздің міндетіміз - халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың мәселелерін шешудегі көрсетілетін көмектің сапасын арттыру, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Орал қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығында өткен «Ашық  әкімдікке» 430-дан астам адам келді. Облыс әкімінің жеке қабылдауында 100-ден астам тұрғын болды. Өз мәселелерімен келген әр тұрғын атқарушы билік органдарының басшыларына жолығып, әлеуметтік қолдау бойынша тиісті кеңестер алды.

 

Облыс орталығымен қоса «Ашық әкімдік» өңірдің барлық аудандарында өтті. Онда 350 өңір тұрғындары қатысты. Бұл шараға Ақжайық ауданы мен Теректі аудандарына ең көп  азаматтар келді (әр ауданға 80-ге жуық тұрғын).

 

– Осындай кездесулер арқылы өз мәселелерімз бойынша нақты жауап пен көмек алу мүмкіндігіне ие болдық. Бүгін біз түрлі мәселемізбен бірнеше мамандарға жолықтық. Өзім көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алуға келдім. Тиісті құжаттарымды көрсетіп, маған сәуір айында алатын әлеуметтік көмектің сомасын есептеп берді. Келесі айдан бастап біз сияқты отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері ұлғаюы үлкен қолдау болмақ, –дедщі көпбалалы ана Назнүл Халелова.

 

 

ФОТО: Александр Куприенко