30 Наурыз 2019
413

Бүгін 30 наурыз күні Ықсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

 

Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

 

Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндірушілер қатысты. 

 

Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. тенгеге сатылды. 

 

Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды.