03 Сәуiр 2019
651

Соғыс ардагері 96 жаста

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Букаткиннің шаңырағында болып, майдангер ақсақалды 96-шы көктемімен құттықтады.

 

 

Өңір басшысы соғыстан кейінгі еңбек жолын білім саласына арнап, өңірдің дамуына үлес қосқан қоғамдық шараларға белсенді араласып жүрген майдангерге өз алғысын білдірді. Сондай-ақ соғыс ардагерін туған күнімен құттықтап, деніне саулық, отбасына бақ пен береке тіледі.

 

Айта кетейік, Павел Романұлы осы өңірден әскер қатарына алынып, 1943 жылдан бастап ұрысқа қатысқан. Курск доғасындағы мотоатқыштар полкінің 96-шы ротасында взвод командирі болған. Майдан даласының бел ортасында жүріп, 1-ші, 4-ші Украина және Белорусь майданына қатысты, Жеңісті Прага қаласында қарсы алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін көптеген орден медалдармен марапатталды. Соғыстан соң Павел Букаткин Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 60 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етті. Университет қабырғасында әскери-тарихи музей ашты.