03 Сәуiр 2019
443

Облыс әкімі шорт-трекшілермен кездесті

 

Бүгін өңір басшысы Алтай Көлгінов ұлттық құрама сапындағы облысымыздың шорт-трекшілерімен кездесті.

 

 

Аталған басқосуға Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов, Анита Нагай, Әлішер Абулқатимов сынды ҚР бірнеше дүркін чемпиондары, Әлем және Азия ойындарының жүлдегерлері қатысты.

 

- Сіздердің әрбір жетістіктеріңізді естіп, қуанып отырамыз. Осындай ұл-қыз тәрбилеген ата-аналарыңызға, спортқа баулыған жаттықтырушыларыңызға алғыс айтамыз. Ең бастысы бұл өздеріңіздің еңбектеріңіз. Спорттың шорт-трек түрі бүгінде еліміздің брендіне айналды. Соның ішінде біздің өңірдің спортшыларының үлесі зор. Хоккей және шорт-трек, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсету үшін Орал қаласынан арнайы, заманауи стадион салдық. Өңірдің дарынды балаларына жағдай жасау бағытында спорт колледжінің құрылысы жүргізілуде. Бірнеше аудан-ауылдарда спорт алаңдары салынуда. Бұлардың барлығы өскелең ұрпақты салуатты өмір салтын баулуға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шаралар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастар жылының тиісті дәрежеде өтуін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң назарда ұстауда. Бұл жобаға облысымызда өтетін ірі көлемді халықаралық іс-шаралар енгізілуде. Осындай басқосуларда өздерің секілді өңіріміздің белсенді жастарының ұсыныс-пікірлерін білу біз үшін маңызды,-деді облыс әкімі.

 

Кездесуге қатысушылар елімізде бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалғанын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ жас спортшыларға жаттығу жасауы үшін өңіріміздегі мұз алаңдарын қажетті құрал жабдықпен қамту жайы да айтылды.

 

Басқосуда облыс әкімі жастарға мемлекет таратынан әрдайым үлкен қолдау көрсетілетінін айтып, ел намысын қорғау жолына сәттілік тіледі.