04 Сәуiр 2019
300

Республикалық байқаудан жүлдемен оралды

 

2019 жылдың 29-31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Струнная капель-2019» атты әндер фестивалі өткізілді.

 

 

Фестивальге өңірімізден Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейордасы, Қазталов, Жәнібек аудандарының оқушылары қатысып келді. Байқауға Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Көкшетау қалаларынан 100-ден астам өнерпаз қатысқан. Өнер додасы «Гитара мен ән орындаушы», «Бардтық және туристік әндерді орындаушы», «Ансамбль» «Автор» аталымы мен үш жас санаты бойынша өтті.

 

Конкурс қорытындысында 10-12 жас арасында Инабат Асқар (Бөкей ордасы ауданы), Ақжол Бұхар (Бөкей ордасы ауданы) және «Бәйтерек» ансамблі, 16-18 жас арасынан Милана Шаппазгереева лауреат атанды.

 

Ал 13-15 жас ерекшелігінде Эльдар Габибуллаев (Ақжайық ауданы) және Нұрлыбек Мұғалімов (Бәйтерек ауданы), 16-18 жас арасынан Мансұр Мұхитов (Бәйтерек ауданы) және Бүркіт Талапов (Ақжайық ауданы), Фариза Ғабіл-Манапова, «Жас қанат» ансамблі (Бөкей ордасы) дипломант атанды.