04 Сәуiр 2019
423

Атаулы әлеуметтік көмек 578 отбасыға тағайындалған

 

2019 жылдың 18 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Орал қаласының Сall-орталығына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша 1 727 адам кеңес алды. Оның ішінде 480 тұрғын көп балалы.  

 

 

Кеңес алуға өтініш білдіргендердің жалпы санынан толық емес құжаттар пакетін 67 адам ұсынды, кедейлік шегінен асатын отбасылар саны –349. Әлеуметтік карта жасалған және «Е-Халық» ақпараттық жүйесіне енгізілген отбасылар саны –1727-ні құрады.

 

Сондай-ақ Call-орталыққа 235 тұрғын қоңырау шалған.

 

2019 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек 578 отбасына (2773 адам) тағайындалды. Оның 167-сі көп балалы ана (766 бала).