05 Сәуiр 2019
561

Тамақтан улану фактісі тіркелген жоқ

 

Бүгін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың маманы М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектебінің оқушыларын тексеріп, денсаулығы қалыпты 8 оқушыны оқшаулау бөлмесінен шығарды, деп хабарлайлы БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

 

        

 

Айта кетейік, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 4 сәуір 19:30-да 11 оқушы ЖРВИ-ға (жедел респираторлық-вирустық инфекция) шалдыққанына байланысты дәрігердің бақылауына алынған. Орал қалалық №6 емханаға хабар беріліп, инфекционист маман шақыртылған. Тамақтан улану фактісі тіркелген жоқ.

        

Қазіргі таңда 3 оқушыға ЖРВИ диагнозы қойылып, оқшауланған бөлмеге жатқызылды.