05 Сәуiр 2019
639

Құрылыс саласының өкілдерімен кездесу өтті

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі құрылыс саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда өңір басшысы құрылыс саласында қол жеткізілген жетістіктер мен атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.

 

«Елбасымыз қабылдаған «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының нәтижесінде өңірімізде білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларының ғимараттары мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, бізде құрылысқа байланысты көптеген түйіткілді мәселелер де жоқ емес. Бізге өз жұмысын сапалы әрі уақытылы орындайтын  білікті мамандар, жауапкершілігі жоғары құрылыс компаниялары қажет. Оларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіледі,-деді облыс әкімі.

 

Сонымен қатар кездесуге қатысқандар «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру жайын талқылады.

 

Өңір басшысы құрылыс компанияларының жетекшілеріне облыстың даму жоспарына сәйкес міндеттерді тапсырды. Өз кезегінде құрылыс команиялары өкілдері тұрғын үй салу қарқынын одан әрі арттыруға сенім білдірді.