08 Сәуiр 2019
416

Инвесторлармен жұмыс кездесуі

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов инвесторлармен өңірімізде жүзеге асып жатқан құрылыс, ауыл шаруашылық саласындағы жобалардың орындалу барысын талқылады.

 

 

- Өңірімізге инвестиция тарту басым бағыттардың бірі болып табылады. Облысымыз үшін барлық инвестициялық жобалар маңызды. Олар «қарапайым заттар экономикасының» дамуына бағытталады. Мемлекетт басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей индустрияландыру мен инвестициялар экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондай-ақ Президент мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының сабақтаса жұмыс жасауы қажеттілігіне ерекше екпін қойды. Біз сіздер үшін жұмыс жасаудамыз,- деді облыс әкімі.


Жиынға қатысушылар жобалардың егжей-тегжейлі жоспарымен танысты.


Өңірде бордақылау алаңдары құрылысы бойынша жалпы құны 6 млрд. теңге болатын 4 жоба, жылыжай кешені құрылысы бойынша 17,5 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба, 20 млрд. теңгеге тұрғын үйлер құрылысы жобасы, 4 млрд. теңгеге 1 сүт өнімдерін өндіретін кешен, 4 млрд теңгеге трансформаторларға арналған радиаторлар өндіру жобасы, кірпіш зауыты және т.б. инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.


«KAZAKH INVEST» АҚ ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Есенов жиынға қатысушыларды ұлттық компания жобаларды қолдайтындығын жеткізіп, соңына дейін барлық көмек берілетініне сендірді.


Айта кету керек, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында бизнес-процесстерді басқаруда қабылданатын шешімдерді жүйелеуге, бақылауда ұстауға және жұмысты жеңілдетуге арналған «Битрикс 24» сервисі қолданылуда. Аталған бағдарламада жұмыс жүргізуге қажетті жұмыс құралдары жинақталған.