09 Сәуiр 2019
403

«Тәуелсіз Қазақстанның екінші тынысы ашылады деп сенеміз»

 

9 маусымға белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың ғана емес, дәуірдің басты саяси оқиғасы болайын деп тұр.

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінде біздің Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты ел құрғанымызды, Қазақстанның әлем алдында беделді, ықпалды мемлекет ретінде мойындалғанын айтты. Менің ойымша, сайлау – осы тарихи табысты сақтаудың алғашқы қадамы, Тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектің лайықты жалғасы болады.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Біздер жастық шақты адамның алаулатып, жалаулатып жүретін емес, өзінің болашағы үшін шешім қабылдайтын, нақты іс жасайтын уақыты деп түсінеміз. Кезектен тыс сайлаудан кейін тәуелсіз Қазақстанның екінші тынысы ашылады деп сенеміз, біздер жастар, елдің жаңа тынысы болуға дайынбыз.

 

Сырым ауданында бүгінгі күні 4681 жас бар. Олардың арасында жеке кәсіпке ден қойып жатқандары бар. Бұл қатар жыл сайын толығып келеді. Қазірдің өзінде 18 жас «Бизнес BASTAU»бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, мемлекеттен несие алып, өз кәсіптерін бастауда. Қазақстанның болашағының мықты болуы осындай тәуекелшіл, шешім қабылдай алатын жастарға тығыз байланысты.

 

 

Нұртілеу Болат,

Сырым аудандық жастармен

жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы