11 Сәуiр 2019
561

БҚО-дағы үкіметтік емес ұйымдар сайлау өткізу туралы бастаманы қолдайды

 

Батыс Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдар елімізде кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Бүгін Батыс Қазақстан облысының азаматтық орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері бас қосып, 2019 жылдың 9 маусымына жоспарланған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдасқан түрде өткізуге ат салысуға және сайлауға қатысуға дайын екендерін мәлімдеді.

 

 

- Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Әрқашан елдегі саяси-қоғамдық және азаматтық іс-шаралардың бел ортасынан табылып келген азаматтық қоғам өкілдері ел дамуындағы аса маңызды саяси оқиғадан шет қалмайды. Сайлау – үлкен жауапкершілік жүктейді,- дейді ғылыми зерттеулерді қолдау қорының директоры Айболат Құрымбаев.

 

Жиында сөз алғандар тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса жауапты әрі маңызды уақытта барлық үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтарды ауызбіршілік және белсенділік танытуға шақырды.