12 Сәуiр 2019
475

Оралда саптық байқау өтті

 

«Бұл күндердің даңқы өшпейді» монументі алаңында Батыс-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дәстүрлі саптық байқауы өтті. Байқауға БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев қатысты.

 

 

Бұл іс-шара бөлімшенің бірыңғай саптық дағдыларын және саптық әзірлікті анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында бөлімше командирлері қызметкерлердің әскери қызметке дайындығын, нысанды киімдермен қамтамасыз етілуін, жеке белгілерін, қызметтік және арнайы құжаттарының бар-жоғын тексерді. Сондай-ақ бөлімше командирлері жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде  азаматтармен сыпайы қарым-қатынаста болуы, киімі, сөз сөйлеуі, жүріс-тұрысы мінсіз болуы керектігін ескертті.

 

Саптық байқаудың соңында қызметкерлер саланатты маршта саппен жүріп өтті. Департамент бастығы генерал-майор командирлердің іс-әрекеттерін, орнатылған қашықты сақтауын, сап тәртібін, саптық қадамның анықтығын, қызметкерлердің жинақтылығын, қатарда сап түзеп жүруі, киім кию мен сыртқы пішінін тексерді және бағалады. Азаматтық қорғаныс қызметі туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аталған іс-шара өтпелі маусымдағы киім нысанына көшу кезеңінде өткізіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы