13 Сәуiр 2019
512

Оралда «West cup» республикалық ашық турнирі өтті

 

Орал қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер арасында «West cup» республикалық ашық турнирі басталды.

 

 

Турнирдің ашылуында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев спорт саласы әрдайым мемлекеттік қолдауға ие екенін атап өтіп, республикалық деңгейде жекпе-жек өткізуге қолдау білдірген киокушинкай-кан каратэден ұлттық федерациясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевқа алғыс білдірді.

 

– Елбасы айтқанындай, саламатты өмір салтын насихаттау жолында бұқаралық спортты дамыту назардан тыс қалмауы керек. Жастар арасынан болашағына үмітпен қарайтын  жеңімпаздар көп шығатынына сенемін. Каратэ шымыр болуды, ержүректілікті, тынымсыз тер төгуді талап етеді. Елімізде киокушинкай-канға 7 мыңнан астам жас қатысады. Оның 90 пайызы – балалар. Бұл спорт түріне қызығушылық жылдан-жылға артып келеді, – деді Омархан Өксікбаев.

 

Республикалық турнирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Атыраудың өзінен келген үш команда қатысып жатыр. Киокушинкай-кан каратэден 36 салмақ дәрежесінде 6-17 жас аралығындағы 450 жасөспірім сынға түсуде.

 

ФОТО Темирболат Токмамбетов