16 Сәуiр 2019
510

Латын əліпбиі ұлттық сананы жаңғыртады

 

Оқушылар сарайында өткен жастармен кездесуінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиевке латын əліпбиінің қолданылуына қатысты өз пікірін білдірді.

 

 

- Ақпарат кеңістігіндегі өнімнің 80 пайызын орыс тілді БАҚ беріп отыр. Мұны қаладағы сауда дүңгіршектеріндегі газет-жорнал сатылымынан көруге болады. Мəселен, Сирия еліндегі діни ахуал жайын Ресей тарапы өз идеологиясына сай түсіндірсе, Қазақстан ұлттық иммунитетін күшейту бағытында деректерді жариялады. Адам ақпаратты қай тілде оқыса, сол бағытта ойланады. Сондықтан ұлттық сананы тұтас қылу маңызды. Бұл тұрғыда, латын графикасына көшудің маңызы зор, - деді доцент.

 

Айта кетейік, «Бастау» коворкинг орталығында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық «Жетістік жолы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен, табандылығымен табысқа жеткен азаматтармен кездесу ұйымдастырып отырады. «Жетістік жолының» бұл жолғы шарасында тарихшы ғалым Жаңабек Жақсығалиев ел саясаты, танымал тұлғалар пайымы, қазақтың жеті атадан қан тазалығын сақтау қағидаты, тектілік феномені, рухани жаңғыру ықпалы жөнінде салмақты ой-толғамдарымен бөлісті.