16 Сәуiр 2019
788

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың көрмесі ашылды

 

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Білімді жастар – ел болашағы» атты көрмесі ашылды.

 

 

Аталмыш көрме ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары шеңберінде, Жастар жылына орай «Музейстар-2019» жобасы аясында қолға алынды. Бұл шара өскелең ұрпақтың туған өлкенің рухани және мәдени мұрасына, өнері мен тарихына деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Бұл музейдің де мәртебесін көтерері сөзсіз. Көрменің салтанатты ашылуына Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ардагер ұстаздары мен студенттері, музей қызметкерлері қатысты.

 

- Тарихтың тылсым беттерінен сыр шертетін құнды жәдігерлерді музейге орналастыру, оларды халыққа көрсете білу де қажырлы еңбекті қажет етеді. Музейде осындай танымдық шаралар жиі өту керек. Әсіресе жастарға осы өлкеде өмір сүрген бабаларымыздың жеткен жетістіктері, бағзы замандағы мәдениет пен өркениет жөнінде кең ақпарат беру қажет. Бұл  игі шараны қаламыздағы өзге де оқу орындары жалғастырады деп сенемін, - деген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов шараны ұйымдастырған музей мен университет басшылығына алғысын білдірді. ЖОО-ның ректоры Асқар Нәметов жастардың рухани азық алып, білім көкжиегін кеңейтуде музейдің ролі зор деп атап өтті. Ал Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов 55 жылдық тарихы бар білім ордасының көрмесімен таныстырып, шолу жасады. Бұл көрмеде университеттің қалыптасып, даму кезеңіндегі ғылыми жетістіктері, мұрағаттық құжаттар, фото-материалдар мен жәдігерлер қойылған. Бүгінгі ұстаздар мен студенттердің жаңа табыстары да ерекше көз тартады. Аталмыш көрме 17 мамырға дейін жалғасады.