22 Сәуiр 2019
471

Театр тарланы Владимир Кравцов 80 жаста

 

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев А.Островский  атындағы драма театрында 50 жылдан астам қызмет етіп жатқан театр майталманы Владимир Кравцовпен кездесті. Кездесуде еліміздің мәдениет, өнер саласының даму мәселелері талқыланды.

 

 

Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары сахна ардагеріне облыс әкімі мен өңір тұрғындары атынан Ақжайық өңіріндегі мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

 

ФОТО: Темирболат Токмамбетов