20 Сәуiр 2019
392

Облысымызда құмай тазылар көрмесі өтті

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бәйтерек ауданы Трекин ауылында облыстық құмай тазылар көрмесі өтті.

 

 

Ұлттық өнер, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген шараны өңіріміздегі дәстүрлі аңшылықтың насихатшылары, тазы сүйер еріктілер бірлесе ұйымдастырған.

 

- Қазақтың жеті қазынасының ішінен ойып тұрып орын алған тазыны қастерлеу және оны болашақта қазақы атауымен патенттеу мақсатында өткізілгелі тұрған шараға баршаңыз да қош келдіңіздер. Бүгінгі көрмеге әкелінген тазылардың түр-тұлғасы мен дене бітімін бағалау мақсатында Қостанай облысы, Рудный қаласынан халықаралық дәрежедегі эксперт, Ирина Иванованы арнайы шақырдық, - деді шараның ашылу салтанатында сөз алған Орал қаласында тұратын тазы жанашырларының бірі Ерлан Ермеғали.

 

 

Көрменің салтанатты ашылуында жас өрендер ұлттық нақыштағы ән мен биден шашу шашты. Шара барысында байқаудан өткізілген барлығы 26 тазының 23-і эксперттің бағалауынша қазақы құмай тазының бекітілген стандартына сай болып шықты.

 

Нұртас Сафуллин,

zhaikpress.kz