24 Сәуiр 2019
319

«Ән сұңқары - Ғарекең» атты концерт өтті

 

Қазақ өнері мен мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ән сұңқары – Ғарекең» атты сазды кеш ұлы әншінің шығармашылығы мен оның сан қырлы өнерін, орындаушылық шеберлігін, ұстаздық жолын жас ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Кештің өтуіне ұйтқы болған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің деканаты,  «Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер кафедрасының жетекші ұстаздары мен «Дәстүрлі ән» бөлімінің оқытушысы Сәуле Таудаеваның шәкірттері жиналған жұртшылықты есімі мен өнері халқына аса қадірлі біртуар тұлғаның кең тынысты әндерімен сусындатты.

 

Сондай-ақ көрермендердің алдында өнер көрсеткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Қатимолла Бердіғалиев Мұхиттың бірнеше әндерін, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының 1-курс студеaнті Қадырбаева Рахат Ғарекеңнің «Әнші даусы» әнін өзіндік нақышымен орындап берді.