26 Сәуiр 2019
329

Облыстық суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

 

Бүгін БҚО экология департаментінде «Жер - біздің үйіміз» акциясы аясында «Таза болса табиғат...» тақырыбы бойынша балалар үйі тəрбиеленушілері арасында өткен облыстық суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

 

Шараны аталған департамент облыстық білім басқармасының «Облыстық экологиялық-биологиялық орталығымен» бірлесіп ұйымдастырған. Жас ұрпақты қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үндеу, экологиялық тəрбиені дамыту мақсатында өткізілген байқауға облыстық балалар ауылы, Орал қаласындағы Х.Доспанова атындағы № 30 мектеп жəне 7 ауданның балауса қылқалам иелері өз туындыларын жолдады.

 

Тақырыпқа сəйкес сараптауға ұсынылған 15 туындының ішінен ұйымдастыру комитеті қалалық №30 мектептің оқушысы Нұрлыбек Қайыржанның суретін үздік деп танып, республикалық байқауға жолдама берді. Облыстық балалар ауылы тəрбиеленушісі Анатолий Картушин екінші, Тасқала ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы Света Болдарева мен Қазталов ауданындағы К.Меңдалиев атындағы мектептің оқушысы Света Қарабалаева үшінші орын алды.

 

 

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz