29 Сәуiр 2019
200

БҚО-да егіс науқаны басталды

 

Батыс Қазақстан облысында биыл дәнді-дақылды алқап көлемі 25 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

 

Майлы дақылдар мен көкөніс, бау-бақша және мал азығын дайындайтын алқаптар да айтарлықтай ұлғайған. Шаруашылықтардың қамбасында тұқым қоры жеткілікті. Биыл қыста қар мол түскендіктен, топырақтағы ылғал мөлшері нормаға сай. «Мемлекеттің қолдауы арқасында аймақтағы шаруашылықтардың көбі қолдағы техниканы жаңалауға көшті», – дейді мамандар. 

 

Денис Омашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

 

- Тартылған инвестицияларды субсидиялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша алынған техникалардың 25 процентіне дейін субсидия ретінде кері шаруашылыққа қайтарылады. Осы бағдарламаның көмегімен жыл сайын машина техникалық паркінің жаңғыртылуы қарқынды дамып келе жатыр, 2-3-4 процентке дейін көтерілді.

 

24.kz