30 Сәуiр 2019
405

БҚО әкімі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

 

Бүгін облыс әкімі А. Көлгінов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ. Ержан, М. Чирков, К. Әбсәтіров, Г. Шиповскихпен кездесті.

 

 

Кездесу барысында қатысушылар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары мен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру туралы әңгімеледі. Облыс әкімі депутаттарды аймақтағы 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы хабардар етіп, өңірдің даму жоспарларымен бөлісті.