30 Сәуiр 2019
199

Халық қалаулылары жастармен жүздесті

 

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Кеңес Абсатиров, Михаил Чирков және Құдайберген Ержан М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастарымен жүздесті.

 

 

Аталмыш оқу орнының ректоры Нұрлан Серғалиевтің төрағалығымен өткен кездесу барысында халық қалаулылары заң шығарушы құрылым тарапынан жасалып жатқан жұмыстар, жаңадан қабылданған заңдар мен талқылаудағы жобалар жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар халық көкейіндегі өзекті мәселелер мен маңызды жайттарды анықтау мақсатында әр тоқсан сайын еліміздің өңірлерін аралауға аттанатын Мәжіліс депутаттары ұсыныс-тілектерді Үкімет отырысында көтеретіндіктерін айтты.

 

Жастар тарапынан ұстаз мәртебесін айқындайтын заңға қатысты, техникалық мамандықты арттыру салдарынан гуманитарлық салаға грант бөлінудің күрт азайғандығы жайында, білім берудің жаңартылған жүйесі туралы сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауап алынды.