01 Мамыр 2019
326

Оралда мереке күні көп балалы отбасыларға үй берілді

 

Бүгін Оралда үй кезегінде тұрған көп балалы 10 отбасыға, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйдің кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, тұрғындарды құттықтады.

 

 

- Елбасы тапсырмасына сәйкес, республикалық және қалалық бюджет есебінен 70 пәтерлі үй салынып басталды. Бүгін - мереке күні 10 пәтердің кілтін бердік. Бұдан бөлек қалада 432 пәтерлік екі үй салынуда. Биыл 500 отбасыға берілетін тағы үш үйдің құрылысы басталады. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғаса береді,- деді қала әкімі.

 

 

- Пәтер кезегінде 17 жыл тұрдым. Өте қуаныштымын. Бүгін үш бөлмелі үй алдым. Үнемі халқының тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту үшін еңбектеніп жүретін Елбасыға, басшыларға көп-көп рахмет. Алғысымыз шексіз- дейді көп балалы ана Балғаным Айтқалиева. Айта кетейік, үйдің құрылысын "Орал Полимер" ЖШС жүргізген.