09 Мамыр 2019
370

Облыс әкімі спортшылармен кездесті

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов түрлі чемпионаттарда жеңіспен оралған жас спортшылармен кездесті. Ақжайық өңірінің тұрғындары атынан жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.

 


Кездесуде самбо, спорттық гимнастика, су добы, каратэ, баскетбол, байдарка және каноэ есу спорт түрлері бойынша жеңімпаздары қатысты.


- Облысымыздағы спортты дамыту бойынша барлық 12 ауданда спорт кешендері салынады. 300 орынға арналған спорт колледжінің құрылысы жазда аяқталады, онда болашақ чемпиондарымыз тәрбиеленеді. Мұз айдынын да салатын боламыз. Су добы бойынша біз «Жайық Самалы» бассейнімізді күрделі жөндеуден өткізуді бастадық, - деді облыс әкімі.


Айта кету керек, самбошыларымыз 8 алтын, 4 күміс, 5 қола медальдарын жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді. Спорттық гимнастикадан ҚР V жазғы Спартакиадасында өңіріміздің спортшылары алтын медаль жеңіп алды. Су добынан қыздар құрама командасы, ұлдар арасында баскетболдан командасы республика чемпионы атанды. Ал Азия чемпионы Дильназ Алмағанбетова еліміздегі чемпионатта 2 алтын, 1 қола медаль женіп алып, ұлттық құрама сапына енгізілді. Малайзияда каратэден өткен Азия чемпионатында біздің спортшыларымыз күміс және қола медаль жеңіп алды.