09 Мамыр 2019
309

Оралда ардагерлерге құрмет көрсетілді

 

Батыс Қазақстан облысының орталығында 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығы атап өтілді.

 

 

 

Салтанатты шара бір минут үнсіздіктен басталып, жеңіс жолында жан бергендерді еске алды. Өңір басшысы Алтай Көлгінов пен Ұлы отан соғысы ардагерлері бастаған батысқазақстандықтар жеңіс алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.


- Біздер мызғымас бірліктің арқасында сұм соғысқа төтеп берген батыр халықтың ұрпағымыз. Біздің аталарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажымас жігеріне күллі әлем куә болды,- деді, облыс әкімі.


"Бүгінгі буын бейбіт заманда өмір сүруде. Бұл қайсарлық пен батылдықтың, сарқылмас жігер пен ерліктің және отанға деген шексіз махаббаттың символы іспеттес ардагерлеріміздің ерен еңбегі. Майдангерлердің ерлігі мәңгілік жадымызда" деп Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын.


Айта кетелік жайт, оғыс жылдары өңірімізден 80 мыңға тарта адам майданға аттанса, алардың тек жартысына жуығы ғана үйлеріне оралды. Ақжайық өңірінен 43 Кеңес одағының батыры атанса, алты жерлесіміз даңқ орденінің барлық үш деңгейін толық алған.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "Мамырдың бұл күндері біз әкелеріміздің фашизмді жеңген мәңгілік ерлігін еске аламыз. Олардың көзсіз ерлігі мен сарқылмас жігері күллі жер бетіне осы бейбіт күнді сыйлады" - деген еді. Ендігі біздің және болашақ ұрпақтың міндеті - елдегі бейбітшілікті, береке мен бірлікті сақтап қалу!- деп облыс әкімі өз сөзін түйіндеді.


Дәстүрлі мерекелік шара мәдени-демалыс саябағында жалғасты. Облыс әкімі бастап тізгіндеген Саябақ көліктерімен ардагерлерді мерекелік дастарханға жеткізді. Мерекеге орай әзірленген жауынгер ботқасы беріліп, майдан әндері шырқалды, би де биленді.