10 Мамыр 2019
184

КҮЗДЕ «ҮЛКЕН ШАҒАН-ПЕРЕМЕТНОЕ-ВЕЧНЫЙ» ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

 

Биыл Үлкен Шаған-Переметное-Вечный бағытындағы жолдың құрылысы аяқталады.

 

Айналмалы жол Атырау мен Саратов қалаларына барар жолды әлдеқайда қысқартып, Оралдағы транспорт жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде 22 км жол салынды. Тағы 10 км жол төселіп, қолданысқа берілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің осы учаскеге барған сапарында белгілі болды. Құрылыстың қарқынын тексерген облыс әкімі мердігерге жол құрылысында сапаға мән беруді, ал жауапты тұлғаларға жұмыс барысын бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Фото:  Тимур Токмамбетов