15 Мамыр 2019
298

Бүгін облыс әкімі жеңіл және құрылыс өнеркәсібі саласындағы жаңа нысандардың құрылысын көрді.

 

«Квант» жиһаз компаниясы екінші фабрикасының құрылысын бастады. Жобаның  құны 2 млрд.теңгеден астам. Мемлекеттік қолдау арқылы қосымша 100 жаңа жұмыс орын ашылады. Сосын облыс әкімі аяқ-киім және былғары киім фабрикасында болды. «As&Ar Collection» ЖШС ішкі нарықты өз өнімдерімен толтыруды көздеп отыр.

 

 

Өндірістерді аралау барысында облыс орталығында кірпіш зауытының құрылысы жоспарда бар екені белгілі болды.