16 Мамыр 2019
329

Облыс әкімі еңбек ардагері Нариман Өтешевпен кездесті

 

Облыс әкімі еңбек ардагері, қоғам белсендісі Нариман Өтешевпен кездесті.

 

 

Өңір басшысы саналы ғұмырын облысымыздың газдандыру, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласына арнаған ардагерді мерейлі 80 жасымен құттықтап, өңірімізге сіңірген еңбегіне алғыс білдірді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және жастар тәрбиесі турасына әңгіме өрбіді. Айта кету керек, ұзақ жылдар жауапты мемлекеттік қызметте болған Нариман Сүлейменұлы өңіріміздің қоғамдық өміріне де қосқан үлесі зор. «Жайық-Орал» халықаралық экологиялық, тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастыруға да Н.Өтешевтің айқын қолтаңбасы бар екендігін атап өткен жөн.