16 Мамыр 2019
253

Бүгін облыс әкімі «Шамшырақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде болды.

 

Бүгін облыс әкімі «Шамшырақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде болды.

 

 

Облыс орталығында орналасқан бұл ауыл шаруашылық құрылымы шаһар аумағында модульді мал сою цехін салды. Сою цехының өнімділігі күніне 100 бас ірі қараға немесе 1000 бас ұсақ малға есептелген. Толық циклді өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты әрі цехті сапалы шикізатпен қамту үшін бір уақытта 1000 бас ірі қара ұстауға мүмкіндік беретін мал бордақылау алаңын салды. Сондай-ақ, кооператив аумағында болашақ ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын оқу-өндірістік орталық жұмыс жасайтын болады. Кәсіпкер жобаны жүзеге асыруға жалпы көлемі 250 млн. теңге инвестиция тартты.