16 Мамыр 2019
285

Оралда үздік экосақшылар анықталды

 

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде облыстық экологиялық-биологиялық орталық «Экологиялық патруль» байқауын ұйымдастырды.

 

 

Облыстық байқауға М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты, Орал қаласы мен Серебряков, Круглоозерный кенттері және11 ауданның мектептерінен келген 90 оқушы қатысты.

 

Көгалдандыру, экологиялық акциялар өткізу, жылыжай баптау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, орман шаруашылығы, экологиялық күзет жұмысы бойынша бейнеороликтер сарапқа салынған «Экоәлем» аталымында Ақсай қаласы №5 мектебінің экосақшысы Бекжан Рамазанов сайыстың «Сақтаймыз және қорғаймыз» бөлімінде, табиғатты қорғауға арналған қабырға газетін таныстырудан Ақсай қаласындағы №3 мектеп оқушысы Азиза Зайнуллина үздік атанды. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында өткен үгіт бригадалары сайысында Орал қаласындағы №5 мектептің командасы жеңіске жетті.