10 Мамыр 2019
154

Ақсайда "Тегін такси" акциясы өтуде

 

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Ақсай қаласы мешітінің ұйымдастыруымен "Тегін такси" акциясы басталды.

 

 

Рамазан айының жақсылыққа, мейрімділікке, өзгелерге қол ұшын беруге тәрбиелейтін мүбәрак ай екенін халыққа айтып, жақсылықты аттыруды мақсат еткен шараның алғашқы күні ерікті жамағаттың қолдауымен 5 көлік жолға шығып аялдамадағы адамдарды керек жеріне тегән жеткізді.

 

- Бұл арқылы біздер игі істердің сауабы еселене беретінін, Рамазан жақсылықтың көлемін арттыратын ай екенін насихаттап, дінге деген оң көзқарасты арттырғымыз келеді, - дейді ауданның бас имамы Қанат Жакенов.