15 Мамыр 2019
143

Қаражаттың 20 пайызы мемлекеттік бюджетке қайтарылады

 

Агенттіктің Аппарат басшысы С.Қ.Ахметжановтың Агенттік брифингіндегі баяндамасы ҚР Үкіметінің «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес «Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген.

 

 

Бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем. Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің 2018 жылғы қызметтерін бағалау қорытындысы бойынша бонустар төлемі туралы егжей-тегжейлі айта кетсек. Әкімшілік қызметкерге бонус мөлшерін анықтау келесі шаралардан тұрады: Мемлекеттік органның бонустық қорын анықтау. Мемлекеттік органға бонус төлеуге бөлінген қаражатты тиісті ереже бойынша сол мемлекеттік органның бірінші басшысының меморандумының орындалуымен байланыстырған. Мысалы, меморандум бойынша көрсеткіштер 80 пайызға орындалған болса, мемлекеттік органға бөлінген қаражаттың 20 пайызы мемлекеттік бюджетке қайтарылады. Ол әрбір қызметкерге тиесілі бонус соммасын шегереді. Агенттік басшысының меморандумдағы көрсеткіштері толық орындалуына байланысты бонусқа бөлінген қаражат толығымен Агенттік бюджетінде қалды.

 

Ережеге сәйкес есептеуде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық департаменттері құрылымдық бөлімше ретінде белгіленген. Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау осы бөлімшенің басшысының жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалауға байланысты. Егер бөлімше басшысына бағалау тиімді деп белгіленсе, яғни 80 пайыз болса, осы бөлімшенің 20 пайыз бонус қоры ережедегі формулаларға сәйкес басқа бөлімшелерге таратылады. Ал егер 100 пайыз толығымен орындалса бөлімшеде бонус қоры өз қызметкерлеріне таратуға қалады. Мемлекеттік қызметкердің бонусын анықтау.

 

Қызметкердің тиесілі бонусын анықтау біріншіден арнайы құрылған комиссиямен оның жеке жұмыс жоспарының орындалуына бағалау жүргізіледі. Ережедегі формулаға сәйкес бағаланған пайыз қызметкердің нақты атқарған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі. Мұнда, есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің санына қосымша:

 

1) жыл сайынғы кезекті ақы төленетін демалыста болу уақыты;

 

2) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында болған кезеңі;

 

3) іссапарда болған кезеңі;

 

4) мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын нақты жұмыс істемеген уақыт;

 

5) жалақысы сақталмайтын демалыста болу, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақыт кіреді.

 

Егер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасы да анықталып төленетін болады. Осындай есеп қорытындысы бойынша Агенттікте жалпы орта есеппен алғанда әкімшілік қызметкерлерге 1 және 1,5 млн.теңге мөлшерінде бонус төленеді. Ол өз кезегінде, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, қызметкерлердің өз жұмысында міндетін адал атқаруға бірден бір себебін тигізері анық.