20 Мамыр 2019
302

Облыс әкімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесті

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Жантелиевпен кездесті.

 

 

 

Кездесуде өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту шаралары, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері талқыланды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры - Қазақстандағы мемлекеттік қор, оның негізгі мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттің қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Кездесу барысында «Даму» қорының аймақтық филиалының жаңа директоры қызметіне, бұған дейін филиал директорының орынбасары болған Әсет Тілемісов тағайындалғаны белгілі болды.