24 Мамыр 2019
358

Қазталовтық отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды

 

Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары марапаттадды.

 

 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды және 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықты Жәнібек ауданынан Исатаевтар отбасысы иеленді. Теректілік Жұмағалиевтер жанұясы 300 мың теңге және екінші орынды місе тұтты. Қазталов ауданынан келген Қарсақовтар әулеті байқауда жүзден жүйрік атанып, бас жүлдемен қатар 500 мың теңге қаржылай сыйды қанжығасына байлады. Қыркүйек айында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында өңіріміздің намысын Қарсақовтар қорғамақшы.

 

- Жеңіске жеткенімізге қуанышымыз шексіз. Қатты қобалжығанымызға қарамастан тыңғылықты дайындығымыздың жемісін көрдік. Отағасы екеуіміз екі ұл, үш қыз тәрбиелеп отырмыз. Перзент тәрбиесінде ұлттық сананы сіңіруге тырысамыз. Балаларымыз түрлі олимпиядалар мен байқаулардың жүлдегерлері. Ендігі республикалық кезеңге қызу дайындыққа кірісеміз. Өңір намысын қорғауға бар күшімізді саламыз,- деді Гүлайым Қарсақова.