25 Мамыр 2019
261

Бүгін өңір басшысы Алтай Көлгінов облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын тексерді

 

Облыс әкімі дәстүрлі сенбілік нысандарды тексеру жұмысын Есқалиев көшесіндегі салынғанына бір ғасырдан астам уақыт өтіп, әбден тозығы жеткен тұрғын үйлер сүру жұмыстарынан бастады.  Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында сүрілген 3 апатты үйдің орнына 75 пәтерлі көпқабатты заманауи тұрғын үй бой көтеретін болады. Апатты және тозығы жеткен үйлердің мәселесін шешу өңірде бір жолға қойылған. 2016 жылы Орал қаласында осындай 50-ден астам үй тіркелсе, бүгінгі күнде олардың саны 41 кеміді. Апатты және ескі үйлерді бұзу  жұмыстары қарқынды жүруде. Салынған үйлер апатты баспана иелеріне және мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін болады.   

 

 

Келесі нысан - шаһар инфрақұрылымы үшін маңызды нысан Мұнай базасы аумағындағы өткелді қайта жаңғырту жұмыстары болды. Қала тынысы үшін маңызды бұл жобаның барысы жіті бақылауда.

 

Нысандарды аралау Евразия көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің қасбетін жаңғырту жұмыстарымен жалғасты. Қала ажарын әспеттей түсетін ғимаратты әрлеуге арнайы финдік бояулар қолданылуда. Бұл жұмыстар кәсіпкердің өз қаражатына жасалып жатқанын айта кеткен жөн.