25 Мамыр 2019
301

Облыс әкімі мектеп түлектерін құттықтады

 

Бүгін облыс әкімі А.Көлгінов Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Орал қаласындағы №11 және Ж. Молдағалиев ат.№2 мектептің соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысты. Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 5032 оқушысы мектепті тәмамдады, солардың ішінде 343-і «Алтын белгіге» үміткерлер.

 

 

- Құрметті оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар! Баршаңызды соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өздерінің білім алған ұясымен қоштасса,ал ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Бойларыңа білім нәрін сепкен ұстаздарыңның үмітін ақтап,биіктерден көрініңіздер! Ақ жол,қымбатты түлектер!,-деп құттықтады облыс әкімі.

 

Соңғы 5 жылда білім саласын қаржыландыру көлемі 20 млрд.теңгеге өсіп,  биыл 66млрд.тг құрады. 70%-астам оқушылар жаңартылған бағдарламамен оқытылады.Өңірде 12 мыңнан астам мұғалімдер жұмыс істейді,оның көбі Елбасы тапсырмасына сай қосымша 30% үстеме ақы төленуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалім,дәрігер,мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан бастап тағы 30%-ке өсетін болады. Биыл педагогтар мәртебесі туралы Заң қабылданады.