25 Мамыр 2019
188

Өңір басшысы Теректі ауданына жұмыс сапарымен барды.

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Теректі ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар ауылшаруашылық құрылымдарын аралады. Өңір басшысы «Балакирев В.А.» шаруа қожалығында болды. Көкөніс өсіру ісін жетік меңгерген шаруашылық басшысы жұмыс барысымен таныстырды. Өңіріміздің азық түлік қауіпсіздігіне өз үлесін қосып жүрген шаруа 2014 жылы сыйымдылығы үш мың тоннаға тартатын көкеніс қоймасын салды. Техникалық базасын жаңартып, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көрген шаруашылық ісі алға басуда.

 

 

Келесі болып Ибрагим Жексимбетовтың шаруашылығында болды. Өнімділігі мол етті Герефорд сиырын өсіріп жатқан шаруашылық бордақылау алаңын салуды да қарастырған. Шаруа осы жылы тағы да  шет елден 500 бас асыл тұқымды аналық мал алып келуді және жылына 7 мың тонна сүт, 300 тонна сүт өнімдерін өндіретін тауарлы сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мал азықтық базасын нығайтып, кешен құрылысына қамдануда.

 

Шаған ауылдық округіңде егін шаруашылығын дамытқан «Тұлпар LTD» ЖШС өңіріміздің тұқым өндіруші кәсіпорындарының бірі. Техникаларын жаңартып, өндірістің жаңа әдістерін енгізген шаруашылық жұмысы өрге жүзуде. Бүгінгі күні жергілікті жас мамандарды жұмысқа алып, еңбекке баулуда.

 

Теректі ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі жылқы шаруа қожағында да  болды.