23 Мамыр 2019
227

Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 21 үй салынуда

 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды тексерді.

 

 

Облыс орталығының солтүстік-шығыс бөлігінде 600 пәтерден астам 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүргізілуде. Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 21 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында 31 мектеп, 2 көп қабатты тұрғын үй (135 пәтер) құрылысы қарқынды жүруде.Облыс орталығының солтүстік-шығыс бөлігінде 600 пәтерден астам 4 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүргізілуде. Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 21 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында 31 мектеп, 2 көп қабатты тұрғын үй (135 пәтер) құрылысы қарқынды жүруде.

 

 

Құрылыс алаңында болған облыс әкімінің орынбасары бұл үйлердің әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, мердігерлерге құрылыс сапасы мен мерзімдерін сақтауды тапсырды.