25 Мамыр 2019
200

Оралда мәдениет пен өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді (СУРЕТ)

 

Орал қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет мәңгілік» мерекелік шарасы өтті. Жайық өзенінің жағалауында ұйымдастырылған кешке мәдениет ардагерлері мен сала қызметкерлері шақырылған.

 

 

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті. ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы директорының орынбасары Марфуға Айтқалиева, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаева мен аталған кітапхана бағдарламашысы Тимур Ажғалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның артистері Фархат Оразов пен Камалиден Айтбаев, Қ.Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары Нұржан Тасболатов пен орталық маманы, ақын Айнабек Бисенғалиев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Гүлнәр Дүйсенғалиева, Е.Пугачев музейінің меңгерушісі Әлия Еркінғалиева марапатталды.

 

Елордада өткен мәдениет пен өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалінде 18 аталым бойынша 200-ге жуық үміткердің ішінен топ жарған «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» аталымы бойынша БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және «Үздік мәдениет үйі» аталымы бойынша Бөрлі аудандық мәдени-демалыс орталығы жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді. «Рухани қазына-2019» фестивалінде «Үздік жас кітапханашы» аталымын Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Фариза Әйтимова иеленіп, Мәдениет министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Марапат иелері осы кеште ортаға шығарылып, құрмет көрсетілді.

 

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Қарлығаш Айтқалиева мен Гүлбаршын Қасиетоваға табыс етілді. Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің «Қазақ мәдениетінің қайраткері» атағымен Ақнұрлы Еслямғалиева, Елена Дрянина, Асхат Ораз, Аманғали Саркулов марапатталды. «Қазақстан таланттары» шығармашылық орталығының «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен Серік Абдрахманов, Бақытты Дәулетқалиева, Лена Исламғалиева,  Рысбике Ибраева, аталған орталықтың «Өнер саласының үздігі» төсбелгісімен Ербол Ақбасов, Айнагүл Жанахметова, Мәулет Жұбатов, Алмагүл Жұбатова, Айдар Жарылғапов, Бек Жәңгіров, Мирболат Ерсаев, Арайлым Ихсанова, Жанаргүл Құрманғалиева, Ғайса Махимов, Асхат Қажғалиев, Асхат Хасанов марапатталды. Ал «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі Алтынай Айтпаева, Мұсағали Бектенов, Жамиға Камалова, Набира Саинова, Нұрлан Сәдір, Нұржан Тасболатов, Мая Якшаиноваға табысталды. Бірқатар мәдениет қызметкерлері облыс әкімінің және мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды.