25 Мамыр 2019
246

Оралда "Ашық әкімдік" шарасы өтті

 

Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында "Ашық әкімдік" өтті.

 

 

Халық пен билік арасын жалғаған бұл шара дәстүрлі түрде өтіп келеді. Шарада қала әкімі Мұрат Мұқаев, қалалық құрылымдық бөлімдер мен коммуналдық мекемелер басшылары тұрғындарды қабылдады.

 

 

Шараға келген 137 тұрғынның 71-ін Мұрат Рахметұлы жеке қабылдады. Азаматтар мекеме басшыларына да жолығып, сауалдарына жауап алды. Тұрғындар тарапынан, әсіресе, әлеуметтік көмек, тұрғын үй мен жер алу мәселелеріне қатысты сауалдар көп болды.