28 Мамыр 2019
168

Шетелге ет экспортталады

 

Қазталов ауданына келген облыс әкімі Алтай Көлгінов қостанайлық «Ет индустриясы» агрохолдингінің жұмысымен танысып, инвесторлармен кездесті. Кездесуде Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық аудандарының әкімдері мен шаруа қожалық жетекшілері болды.

 

 

ылдық округінде «Ет индустриясы» агрокешені мал бордақылау алаңын салуды бастап кетті. Қолға алынған жоба - 2,5 млрд. теңге. Бес мың бас ірі қараға арналған кешенде жылына екі рет мал бордақыланады. Яғни, екі есе етті бұқашықтар бордақыланып, жоғары сортты ет өндірілмек.

 

Бүгінгі таңда ірі жобаны қолға алған инвестор осы аумақта мал бордақылау кешенінің құрылысымен қатар суармалы жерлерді өңдеп жатыр. 11 шақырымдық «Лиман 55» каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Дөңгелек су қоймасынан келетін су қоры Талдыапан ауылдық округі Қайшақұдық ауылы маңындағы суармалы жерлер мен көлдетіп суару алқаптарына молынан жетпек. Яғни, «Лиман 55» су жүргізу каналы бойында орналасқан 500 гектар суармалы жерді жыртып, оның 160 гектарына суданка, 40 гектарына сұлы, эспарцет, кострец, 300 гектарына жүгері сияқты мал азығы егілген. Сонымен қатар 20 шақырым жерге электронды бақташы жүйесі енгізілген. Мал ұстайтын шарбақ, мал бордақылау кешені, мал азығын сақтайтын қойма сияқты маңызды нысандардың құрылысы басталды.

 

 

-Нұр-Сұлтан қаласында өткен Парламенттік тыңдауға қатысып келдім. Ауылшаруашылық саласы кәсіпкерлердің мұң-мұқжатын депутаттарға жеткіздім. Өз кезегінде Парламенттік отырыста көтерілген мәселелер алдағы уақытта ескерілетінін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агро-өнеркәсіп кешенінің серпінді дамуын Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін айтты. Сондай-ақ Президент облысымызға келген сапарында етті мал шаруашылығын дамыту үшін әлеуетке ие екенін атап өтті. Елбасы тапсырмасына сәйкес соңғы 4 жылда 8 ирригациялық нысан жөнделді. Тағы 17 гидротехникалық құрылыстың жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылындағы 5 мың бас малға арналған бордақылау алаңының құрылыс жұмысы аяқталған күнде, алдағы уақытта бордақылау алаңында мал басы 20 мыңға дейін жеткізілетін болады,-деген өңір басшысы қожалық жетекшілерінің ұсынысын тыңдады.

 

-Біздің жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде 5000 мың бас мал бордақылау алаңын салуды көздеп отырса, екінші кезеңінде 20 мың бас малды бордақылауды көздеп отырмыз. Бүгінде агрокешеннің құрылыс жұмысында 100 адам жұмысқа тартылса, ашылғаннан кейін 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақпыз. Жаңа мал бордақылау кешенінде салмағы 600 келіге дейін тартатын ірі қара мал өсірілмек. Жоспар бойынша ішкі нарыққа және Ресей, Өзбекстан, Иран секілді шет мемлекеттерге ет экспортталмақ,-дейді «Ет индустриясы» агрокешенінің директоры Қайыржан Наурызғалиев.

 

 

суретке түсірген Александр Куприенко,