31 Мамыр 2019
274

БҚО-да өңірлік инвесторлар кеңесінде 69 млрд. теңгеге инвестициялық жобалар қолданды

 

Оралда түрлі бағыттағы жобалар қаралған инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік кеңесінің отырысы өтті.

 

 

- Елбасы жасаған инвестициялық климаттың арқасында жыл сайын елге келіп жатқан инвестиция артуда. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 453 млрд. теңгеге, оның ішінде шет елден келген инвестиция 68,6 пайызға артты. Біздің өңірімізде жұмыс сапарымен болған мемлекет басшысы Қ.Тоқаев инвестиция тарту мен шағын және орта бизнесті дамытуды қолға алуды тапсырды. Өткен жылдан бастап Инвесторлар кеңесінің 7 отырысын өткізіп, 69 млрд.теңгеге 16 жобаны қолдадық.  Осылайша 1100-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашып жатырмыз. Жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге, экспортқа және туризмге негізделген, -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

 

Тамақ өнеркәсібі

 

«World Green Company» ЖШС жылыжайлар кешені құрылысын бастамақ. Салынатын инвестиция көлемі – 13 млрд. теңге. Жобалық қуаты – жылына 4 400 тонна қияр және 3 450 тонна қызанақ. Жылыжай кешенін ауыл шаруашылық тауарларын өндіру саласындағы жетекші голландық копаниядан алу жоспарлануда.

 

 

Өңдеу өнеркәсібі

 

Орал трансформатор зауыты қуаты 35-500кВ болатын трансформаторларға арналған панельді радиаторлар өндіру жобасын ортаға салды. Жоба құны 5 млрд. теңге. Зауыт жылына 3 000 тонна радиатор өндіріп, өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруға ниетті. Зауыттың іргетасын қалау келесі аптаға жоспарлануда

 

 

Мал шаруашылығы

 

Қазталов ауданында  жаңа бордақылау алаңының құрылысы басталуда. Жобалық құны 2,5 млрд. теңге болатын жобаны «Мясная Индустрия» ЖШС жүзеге асыруда. Бордақылау алаңының құрылысына барысында 100 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жоба артықшылықтары бұнымен шектелмейді. Жаңа бордақылау алаңы өңірдегі ірі қара малының тұқымдық түрленуі мен аналық мал басының өсуіне өз үлесін қосары сөзсіз. Сонымен қатар облыстың өндірілген өнім көлемінің өсуіне де ықпалын тигізеді. Кәсіпорынның экспортқа бағытталуа да жобаның басты артықшылықтарының бірі. Ресей, Өзбекстан сынды жақын шет елдерден бөлек Иран, Қытай елдеріне де өнімді экспортқа шығару шығару жоспарланып, алдын ала келісімге де қол жеткізілген. Бордақылау алаңының толық қуатында жұмыс жасаған кезде бір уақытта 20 мың бас ірі қара ұстау мүмкін болады.

 

 

Жасыл экономика

 

«ICM Recycling» Консорциумы қатты тұрмыстық қалдықтарды  пайдаланудың үздік финдік модельін ұсынуда. Бүгінгі таңда Орал қаласындағы қоқысты сұрыптау желісі жұмыс істейді. Алдағы уақытта қайта өңдеу және биогаз өндіру жоспарлануда. Алынған газ жылу және электр энергиясын өндіруге қолданылатын болады. Инвестиция көлемі - 4,5 млрд. евро. Бұл жоба ЭКСПО-2017 көрмесінің нәтижесі екендігін атап өткен жөн.

 

 

Туризм

 

Оралда 4 жұлдызды «Double Tree Hilton» қонақ үйі салынады. Салынатын инвестиция көлемі 12 млн. долларды құрайды. Алдағы аптада қонақ үй құрылысын бастау жоспарлануда.

 

Бүгінгі кеңес барысында Сырым ауданында 240 сауын сиырға шақталған тауарлы сүт фермасын салу («West Agro Milk» ЖШС), Тасқала ауданында сыйымдылығы 5 000 бас болатын бордақылау алаңын («Taskala – Et BKO» ЖШС) және құс фабрикасын  салу сынды жобалар тыңдалды.