02 Маусым 2019
343

Облыс әкімі қаланының абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарын тексерді

 

Өңір басшысы Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев бүгінгі жексенбіде қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады. Вокзальная 6 және Жукова 9 мекен жайында орналасқан үйлердің ауласында салынып жатқан балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер жолы құрылысының барысын тексерді. Жұмыстардың аяқталуы тамыз айына жаспарлануда.

 

 

Тұрғындармен кездесу барысында өңір басшысы шаһардағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына басымдық берілгендігін атап өтті. Биыл 25 ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатса,  тағы 24 аулаға жобалық-сметалық жоба жасақталған. Құрылыс жұмысы барысында балалар және спорттық алаңдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері,  таза ауда спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаттығу кешендері салынуда. Облыс орталығында орналасқан 386 ауланың 326-сы абаттандырылған. Өткен жылдың өзінде 30 aлаңқай пайдалануға берілгендігін айта кеткен жөн. Облыс әкімі жұмыстар бұдан әрі жалғасатын жеткізді.

 

Нысандарды аралау Жамбыл көшесінің орташа жөндеу және Желаево өндірістік аймағына кірме жолын күрделі жөндеу жұмысьарын аралаумен жалғасты. Жұмыстарды тексерген өңір басшысы заманауи жолдар қала инфрақұрылымының айнымас бөлігі екенін атап өтіп құрылыстың мерзімімен қатар сапасын сақтауды ескертті.