04 Маусым 2019
196

Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы аясында 450 отбасы баспаналы болады

 

 

Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласын аралау барысында мәлімдеді.

 

 

Бүгін облыс әкімі Орал қаласында 6 шағын аудандағы көп пәтерлі тұрғын үйге барды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу және ауланы абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облыс әкімі осы айдың соңына дейін 50 аз қамтылған отбасы осы үйде баспана алатындығы жеткізді.

 

- Мемлекет басшысы өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында бізге аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салуды тапсырды. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бір айдан кейін облыс орталығында тағы екі тоғыз қабатты үй пайдалануға берілетін болады. Сөйтіп, осы жазда кезекте тұрғандар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалпы саны 450 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Және бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз., - деді облыс әкімі.